НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. АҚШ пен Франция президенттері Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесу барысында НАТО мен Африканың тропикалық Саванна аймағы — Сахель аймағында терроризмге қарсы күресті талқылады. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысының орынбасары Джадда Дирге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Екі көшбасшы НАТО — ның маңыздылығын, АҚШ пен Францияның Сахелдегі терроризмге қарсы күрес жөніндегі күш-жігерін және басқа да екіжақты мәселелерді талқылады», — деді Дир.
Сахель аймағына Буркина-Фасо, Мавритания, Мали, Нигер, Чад сияқты елдер орналасқан. 2015 жылдан бастап 4,5 мыңға жуық француз әскери қызметшілері батыс африкалық Сахель аймағына экстремистік содырлармен күресуде көмек көрсету және өңірдегі қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін жіберілді.