НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Қазақстандағы деструктивті діни ағым ұстанушылары такси қызметін пайдаланған жолаушыларды өз жақтарына тарта бастады, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлайды.
Мұндай адамдар автокөлікті жалға алып, күні бойы такси жүргізіп, өздерінің құрбанын іздейді екен. Жолаушылармен жол бойы рухани құндылық призмасы арқылы байлық және әділеттік туралы сөз қозғайды.
Ал мамандар деструктивті діни ағым өкілдері жыл сайын адамдарды өздеріне тарту мақсатында түрлі әдіс пайдаланатынын айтты. Экстремистер психологияны жақсы меңгерген. Сол арқылы адамға әсер ете алады. Оның тіпті дінге қатысы болмауы да мүмкін.
«Әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетін адамдарға еш көңіл бөлінбейді. Ал экстремистер адамға назар аудара біледі. Сириядағы ер адамдармен хабарласып, хат алмасқаннан кейін сол жаққа кетіп қалған қыз көп. Олар қыздарға жердегі жұмақты, көп баланы, керемет өмірді уәде етеді», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім бастығы Александр Антипин.
Таксиде әңгімелесу әсерін мамандар трендке айналып кетті деп отыр. Көздеген жерге жеткен кезде жолақысын арзандатып айтып, хабарласып тұру үшін телефон нөмірін сұрауы да мүмкін.