НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан. Мәскеуде экстремизмге күдікпен алты қырғыз азаматы ұсталды, деп gossluzhba.kz хабарлайды.
Мәскеу қаласының Мещанск соты тұтқындалған адамдарды 17 наурызға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдағаны атап өтілді. Қырғызстандықтар экстремистік қауымдастық құрды деген күдікке ілінді.
ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі ұсталғандардың азаматтығы мен істің мән-жайы нақтылануда деп хабарлады.