Ресей БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінде террористерге қару-жарақтың жеткізілуіне жол бермеу жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін 500 мың доллар бөлді. Бұл туралы жұмада Ресейдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Василий Небензя БҰҰ-ның терроризмге қарсы кеңсесінің қолдауымен жаңа жобаны бастау жөніндегі шарада сөз сөйлегенде мәлімдеді, деп gossluzhba.kz хабарлайды.
«Бұл БҰҰ қамқорлығындағы антитеррор, қарусыздану және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес астасқан алғашқы кешенді техникалық көмек бағдарламасы», – деп атап өтті Ресейдің тұрақты өкілі.
Іс-шараға жобаға тікелей қатысушы елдердің – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанның дипломаттары, сондай-ақ ШЫҰ АТҚҚ директоры Джумахон Гиёсова қатысты, деп хабарлайды tass.ru.