НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. Түркияның құқық қорғау органдары құрамында есірткі заттары бар 32 мың 600 таблетканы тәркіледі. Бұл туралы Anadolu Ajansi агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Журналистердің мәліметінше, тыйым салынған дәрі-дәрмектерді алу жөніндегі арнайы операция Хатай провинциясында өтті. Рейд барысында екі адам қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, ел билігі соңғы уақытта есірткі саудасымен күрес жұмыстарын күшейтті.
20 ақпанда Измир провинциясындағы әуежайда асқазанында героин тасымалдаған бес адам ұсталған.