НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан. Қырғызстанда түрмедегі тұтқын арнайы қызметке қоңырау шалып, Бішкекте дайындалып жатқан терактілер туралы хабарлады, деп Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады.
Колонияның айыптық изоляторында ұсталған «телефон лаңкесі» жауап алу барысында кінәсін мойындады. Бұндай әрекетке бару себебі басқа қамаудағылар тарапынан түскен қауіп-қатерлер болды, делінген хабарламада.
Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің бабына сәйкес «телефон терроризмі» үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.