Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Арнайы операциялар кезінде Ирактың солтүстігінде ИМ 39 содырлары жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Ирактың Салах-эд-Дин  провинциясындағы ИМ-не қарсы ұрыс қимылдарының барысында «Ислам мемлекеті» (ИМ) (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  экстремистік тобының 39 содыры қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Ирак ҚК Біріккен қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімдемеде айтылғандай, барлау деректері негізінде әрекет ете отырып, терроризмге қарсы қызметтің арнайы күштері халықаралық коалиция авиациясының қолдауымен Бағдадтан солтүстікке қарай 280 шақырым жердегі Ширкат қаласындағы Әл-Ханога таулы ауданында бірнеше десанттық операциялар жүргізді.

Ұрыс дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 10 сағаттан астам уақыт өтті. «Ислам мемлекетінің» (ИМ) (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  39  содырының көзі жойылды , оның ішінде бірнеше командирлер. Арнайы қызметтің төрт  жауынгері жарақат алды.

Бұған дейін қоғамдық қауіпсіздік аймақтық департаментінің өкілі Мохаммед аль-Бази сол күні Ирак әскері мен терроризмге қарсы қызметтің арнайы сарбаздары  халықаралық коалиция авиациясының қолдауымен Әл-Ханога ауданындағы ИМ позицияларына қарсы операция жасап, ИМ-ның сегіз содырын  жойып жібергенін Синьхуа агенттігіне хабарлады. Бұл ретте бір арнайы қызметкер қаза тауып, бес жауынгер зардап шекті.

2017 жылдың желтоқсанында Ирак «Ислам мемлекетің» жеңгенін жариялаған, бірақ елде анда-санда шабуыл жасайтын экстремистер бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *