Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркіменстанда әскерге барудан бас тартқан «Иегово куәгерлері» түрмеге қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Түркіменстан соты әскерге барудан бас тартқаны үшін «Иегово куәгерлері» қауымының мүшелерін түрмеге қамады деп хабарлады діни ұйымның ресми өкілі Азат Еуропа/Азаттық тілшісіне.

Діни ұйым өкілі Джаррод Лопестің айтуынша, Түркіменстанның Дашогуз облысының соты 17 ақпанда діни қауым өкілі Вепа Матякубовты міндетті әскери борышын өтеуден жалтарды деп танып, екі жылға соттаған.

Ұйымның дерегінше, Түркіменстан билігі 2018 жылдан бері діни себеппен әскерге барудан бас тартқаны үшін ұйымның 20 мүшесін сотқа тартқан. Олардың үшеуінен басқасының бәрі түрме жазасын алған. Қазірге дейін 11 адам жазасын өтеп шыққан. Қалған тоғыз адам әлі түрмеде отыр.

Түркіменстан заңы 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдарды қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге міндеттейді. Одан бас тартқандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *