НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Үндістан астанасы Нью-Делидегі мешітке аласұрған топ шабуыл жасады. Оқиға тәртіпсіздіктер жиі болатын қаланың солтүстік-шығысындағы Ашок-Нагар ауданында орын алды, деп gossluzhba.kz хабарлайды.
Экстремистер мешіт мұнарасына шығып алып, дауыс зорайтқыштарды өшіріп тастаған. Бұнымен қойма, мешітке үнді храмдарында қолданылатын жалауларын тіккен. Содан кейін наразылық білдірушілер «Джай Шри Рам» (Қуан, Рама Құдай) деп ұрандап, мешітті өртеп жіберген.
Жергілікті бақылаушылар Үндістандағы тәртіпсіздіктер кезінде мешіттерге шабуыл жасау әдеттегі жағдайға айналғанын айтады. Себебі қаскүнемдерге қатысты қылмыстық істер іс жүзінде сот процесіне дейін жетпей, жауыз ниеттілер жазасыз қалып келеді.