Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Мен қателестім»: Салафизмді ұстанған ақтөбелік азамат адасқанын айтты

АҚТӨБЕ, 28 ақпан. Cалафизм бағытын ұстынушылардың сөзіне сеніп, адасқан тағы бір ақтөбелік азамат ағынан жарылды. Жергілікті теологтар жат ағым етегіне еріп, бірнеше мазхабты ұстанған тұрғынның өкініші айтылған видео дайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны Берік Мақашев осыған дейін псевдосалафилік бағыт ұстанушысы болған.

«2007 жылы жолдастарыммен мешітке барып намаз үйрендім. Сол уақыттарда жастар дінге көптеп бет бұрды.

Аты шыққан уағызшы Дарын Мубаровты көп тыңдайтын едік. Сол кісінің сеніміне, уағызына еріп, елімізде мұсылмандар ұстанатын Әбу Ханафи мазхабынан алыстап кеткенбіз.

Дарын Мубаров тыңдайтын, бізден білімдірек жігіттердің уағыздарына құлақ астық. Ең алдымен такфир жамағаты намаз оқымайтындар мен намазын тастағандарды кәпірге шығаратынын білдім»,-деді ол.

Адасушы болған азамат иланып келген ұстаздарының қате пікірлерін кейін түсінген.

«2016 жылдары интернеттен Назарутулла мен Ділмұрат әбу Мұхаммад уағыздарын тыңдай бастадым. Олар Дарын Мубаров қате жолда деген соң олардың сөздерін дұрыс көріп, өзіме ұстаз тұта бастадым. Айырмашылықтары өте көп.

Бірінші, әлем ғалымдары мойындаған Әшғари және Матуриди ақидасын ұстанушылар Алла барлық жерде деген жалалары болды. Және олардың қиямет белгілеріне сенбейді деген өтіріктері болатын.

Қазір мен әлем мойындаған, қазақ халқы ежелден ұстап келе жатқан Әбу Ханифа мазхабын ұстанушымын. Бәрі кеш болмай тұрып ойланайық. Мен қателестім. Алайда өз қателігімді түсіндім»,-деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *