Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында өткен жылы есірткіге еліткен 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған

ТҮРКІСТАН, 29 ақпан. Түркістан облысында өткен жылы есірткіге еліткен 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков айтып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Есірткі — бұл ғасыр дерті. Онымен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді, алайда оны пайдаланып, тұзағына түсіп қалатындар аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері де көбейген. Өткен жылы есірткі бойынша 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Айта кететін жайт, бұл індетпен біз қоғам болып күресуіміз қажет. Өсіріп отырған ұл-қыздарымызға тәрбие беру барысында есірткінің зияндылығын айтып, түсіндіріп, мүмкіндігінше алдын алғанымыз жөн» — деді Қ.Дәлбеков.

Айта кетейік, Полиция қызметкерлерінің жыл бойына жүргізген есірткіге қарсы күрес жұмыстарының нәтижесінде есірткі бойынша 397 қылмыстық құқықбұзушылық, есірткі егудің 54-жайты, сақтаудың 68-жайты анықталған. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заты алынса, 2 кг-ға жуық героин тәркіленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *