НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Талибандар (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) зорлық-зомбылық деңгейін төмендетудің уақытша режимі аяқталды деп жариялады, деп хабарлайды REGNUM агенттігі Agence France-Presse-ге сілтеме жасап.
Исламшылдар үкіметтік күштер мен полицияға қарсы соғыс қимылдарын қайта бастайды деп мәлімдеді.
Еске салайық, зорлық-зомбылықты азайтуға арналған апталық режимі 22 ақпанда басталған. Кабул «Талибанмен» бейбітшілік туралы келіссөздер жүргізуге тырысуда .
Бұрын хабарланғандай, 29 ақпанда Катарда «Талибан» ( Қазақстан Республикасында қызметіне тыйым салынған ұйым ) американдық тараппен бейбітшілік декларациясына қол қойды.