Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШЫҰ елдері лаңкестікке қарсы ауқымды оқу-жаттығу өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Ресейдің Кемерово қаласында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай әскери өкілдерінің келіссөздері басталды. Іс-шараның күн тәртібінде алдағы «Бейбіт миссия – 2020» терроризмге қарсы жаттығулар мәселелері қаралады.Бұл туралы ehonews.kz жазады. 

Орталық әскери округ штабы бастығының орынбасары генерал-майор Рустам Миннекаев оқу-жаттығу ауқымды сипатта болатынын мәлімдеді.

Рустам Миннекаев келіссөздер барысында ШЫҰ-ның әскери өкілдері оқу-жаттығуларға қатысты бірнеше маңызды мәселелерді талқылайтынын атап өтті. Сондай-ақ олар әскери іс-шараның негізгі бөлігі өтетін Юрген полигоны аумағын тексеруге аттанады.

«Бейбіт миссия-2020» аталатын лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары үстіміздегі жылы жаздың соңында Ресейдің Кемеров облысындағы Юргинский полигонында Орталық әскери округ аумағында өтеді.

Алдағы оқу-жаттығудың басты міндеті әскери қызметшілердің ШЫҰ-ға қатысушы елдердің біріккен күштері құрамында лаңкестікке қарсы операцияны өткізу сценарийін пысықтауы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *