НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. АҚШ Қарулы күштері Ауғанстандағы «Талибан» радикалды қозғалысының содырларына қарсы 11 күндегі алғашқы соққы жасағаны туралы хабарлады. Бұл туралы АҚШ қарулы күштерінің өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«АҚШ 4 наурызда Гильменд провинциясындағы Нахр-е- Сарадж уездінде ауған қарулы күштерінің бақылау-өткізу пунктіне белсенді шабуыл жасаған «Талибан»қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) содырларына әуеден соққы жасады . Бұл шабуылға нұқсан келтіру үшін жасалған қорғаныс соққысы болды. Бұл 11 күн ішінде тәлібтерге жасалған бірінші соққымыз болды «, — деп АҚШ ҚК Ауғанстандағы өкілі полковник Сонни Леггетт Twitter-де жазды.
Ол АҚШ қарулы күштері «Талибан» ұйымын «қажетсіз шабуылдарды тоқтатып, міндеттемелерді ұстануға» шақырып жатқанын айтты.