Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Бархан» операциясы барысында Нигердің батысында кем дегенде 25 содыр жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Нигердің батысындағы Тиллабери провинциясында Нигер мен Франция күштерінің бірлескен операциясы кезінде кемінде 25 лаңкес жойылды. Бұл туралы Африка елінің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .

«Бархан» операциясына қатысқан Нигер армиясы мен француз әскери күштері сәрсенбі күні Тиллабери провинциясында бірлескен операция жүргізіп кемінде 25 лаңкесті жойып, 25 көлік пен көптеген қаруды тәркіледі деп атап өтілді. Әскерилер арасында зардап шеккендер жоқ.

Тиллабери провинциясы Мали және Буркина-Фасомен шекаралас. Соңғы жылдары лаңкестік топтар Нигердің батыс , Мали және Буркина-Фасоның шекаралас аудандарында көптеген адамдардың өмірін қиған шабуылдар жасады. 1-20 ақпан аралығында осы провинцияда Нигер мен Француз әскерлерінің бірлескен әрекеттері кезінде кем дегенде 120 содыр жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *