ПАВЛОДАР, 06 наурыз. Павлодар облысының екі тұрғынына діни әдебиеттерді таратқандары үшін айыппұл салынды, деп облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады .
«Павлодар облысында діни әдебиеттерді таратқаны үшін облыстың екі тұрғыны жауапқа тартылды. (…)Сот заң бұзушылардың әрқайсысын Т132 550 көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапқа тартты», — делінген жұмада таратылған хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, патруль жүргізу кезінде облыстағы ауылдардың бірінде тәртіп сақшылары 48 жасар ер адам мен 21 жасар қызды ұстаған, олар дестурктивті діни ағымды ұстанушылар болып шықты. Аталмыш кісілер діни әдебиеттерді таратып жүрген.
«Полицейлер сондай-ақ, 200 дана діни кітапты тәркілеген. Аталмыш дерек бойынша ҚР ӘҚбК 490 бабына сәйкес әкімшілік материал жасалды. Барлық тәркіленген кітаптар ҚР ӘҚбК 795 бабына сәйкес жоюға жатады», — делінген хабарда.