НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Тәжік-ауған шекарасындағы Төменгі Пяндж кеден бекетінде Тәжікстан кеден қызметкерлері 2,1 келіден астам героин тәркіледі, деп ТаджикТА хабарлайды.
«Төменгі Пяндж кеден терминалының қызметкерлері 1988 жылы туған Ауғанстан азаматы Нұри Аминуллохты ұстады. Аминуллохқа тиесілі шабаданды тінту кезінде кеденшілер бадам салынған екі целлофан пакетін тапты. Осы пакеттерде бадам арасынан ерекше иісі бар сұр түсті ұнтақ тәрізді зат табылды», — деп ТР кеден қызметінің баспасөз орталығы хабарлайды.
Сараптама көрсеткендей, табылған зат жалпы салмағы 2 килограмм 110 грамм героин есірткісі болып табылады .
Ауғанстан азаматына қатысты ТР ҚК 200 (Есірткінің заңсыз айналымы ) және 289 (Контрабанда) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.