НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. ИМ лаңкестік тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) Кабулдағы шара кезіндегі шабуылғ өз қатыстығын мәлімдеді. Бұл туралы лаңкестер 6 наурызда бақыланатын интернет-ресурстар арқылы хабарлады.Бұл туралы REGNUM жазады.
Олардың айтуынша, шабуылға граната мен қаруы бар екі адам қатысқан. ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) өкілдері шабуыл нәтижесінде 150-ден астам адамның өмірін қиғанын мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағандай , Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 6 наурызда Кабулда болған шабуыл нәтижесінде 29 адам қаза тауып, 61 адам жарақат алған.
Лаңкестер Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла қатысқан «Можахедтер көшбасшысы Абдула Али Мазаридің» дүниеден озғанына орай өткен еске алу шарасында шабуыл жасады .