НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. Тунисте қауіпсіздік күштері АҚШ елшілігінің жанында жарылысқа қатысы бар күдіктінің ұсталғанын хабарлады, деп MosaiqueFM радиостанциясына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Радиостанцияның хабарлауынша, полиция мен барлау органдары шабуылға ықтимал қатысушыларды іздеуді жалғастыруда.
Осыған дейін хабарлағандай , 6 наурыз күні екі жанкешті лаңкес АҚШ елшілігінің ғимаратына қарама-қарсы көшеде жарылыс жасады. Лаңкестердің өздерінен басқа, бір тұрғын мен бес қауіпсіздік қызметкері көз жұмды.