НҰР-СҰЛТАН, 08 наурыз. Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Чаман қаласында болған жарылыстан алты адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Жарылыс Ауғанстанмен шекаралас Балучистан провинциясының Чаман қаласындағы Тадж-Роуд жолы бойында орналасқан әскерилендірілген күштер орталығының жанында болған .
Оқиға орнына келген құтқарушылар мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді.
Жараланғандардың арасында қауіпсіздік күштерінің кемінде үш мүшесі болған, олардың екеуі ауыр халде.
Жол жиегінде тұрған мотоциклге орнатылған жарылғыш құрылғы қашықтықтан іске қосылды, деп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары полиция көздеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Әзірге бір де бір топ жарылысқа жауапкершілікті мойнына алған жоқ.