Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Камерунның батысында содырлардың шабуылынан кем дегенде 5 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні белгісіз бір топ содырлар Камерунның батыс аймағындағы Галим елді мекеніндегі полиция бөлімшесіне шабуыл жасады, кемінде 5 адам қаза  болды. Бұл туралы елдің қауіпсіздік күштері өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Өкілдің айтуынша, бұл топ шамамен 20 адамнан құралған. Олар мотоциклмен жүріп оқ жаудырған. Нәтижесінде 2 полицей, 2 жандарм және 1 қамалған қаза тапты. Оқиға орнынан қашып кетпес бұрын, содырлар полиция мен жандармдардың кейбір қарулары мен оқ-дәрілерін де тартып алған.

Әзірге бұл шабуыл үшін ешқандай топ немесе жеке адам жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *