Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан президенті қамаудағы тәліптерді босату туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Ауғанстан президенті Ашраф Гани сейсенбі, 10 наурызда «Талибан» қозғалысының 5 мың мүшесін тұтқыннан босату туралы жарлыққа қол қойды, деп centralasian.org жазады. 

9 наурызда инаугурациялау салтанатында Гани тұтқындарды босатуға уәде берген.

Президент жарлығы 11 наурызда БАҚ өкілдеріне таратылады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Сиддик Сиддикидің айтуынша, Кабулдағы Парван түрмесінде отырған 1,5 мың тәліп 14 наурыздан бастап бостандыққа шыға бастайды. Күнде 100 адамнан босатылады.

АҚШ пен «Талибан» қозғалысы 29 ақпанда бейбіт келісімге отырды. Тұтқындағы тәліптерді босату — Ауғанстандағы бейбіт процестің өзегіне айналады.

Ауған түрмелерінде «Талибанның» 10 мың содыры отыр. Бірақ тәліптер олардың барлығы содар емес деп мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *