Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бахчисарайда «Хизб ут-Тахрирге» қарсы күрес аясында іздестіру жұмыстары өткізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Құқық қорғау органдары сәрсенбі күні Қырымның Бахчисарай қаласында алты мекен-жай бойынша тінту жүргізуде. Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымымен күресу үшін жедел шаралар қабылдануда. Бұл туралы адвокат Николай Полозовқа сілтеме жасап ТАСС хабарлады .

«Таңертеңнен бері кем дегенде алты мекен-жайда жаппай тінту жүргізіледі. ФҚҚ хабарлағандай, ресми түрде  Ресейде тыйым салынған Хизб ут-Тахрир ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мүшелерін анықтау жұмыстары журуде», —  дейді Полозов.

Тінту нәтижесінде «Хизб ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының қызметіне қатысты бес күдікті ұсталды.

Ұсталғандардың арасында украиналық тележүргізуші Сейтумер Сейтумеровтың інісі Осман бар, деп ТАСС агенттігіне Осман Сейтумеровтың адвокаты Эмиль Курбединов хабарлады.

«Осы қылмыстық іс бойынша бес күдікті ұсталды, оның ішінде менің қорғалушым Сейтумеров Осман да бар. Оның ағасы – Қырым-татар ATR телеарнасының журналисі. Қазір ол Киевте, жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істейді », — деді Курбединов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тінтіді аяқтады. «48 сағат ішінде бәріне айып тағылып, бұлтартпау шарасы сот арқылы қабылдануы керек. Олардың барлығын Симферопольдегі ФҚҚ Бас басқармасына алып кетті», — деді адвокат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *