НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Мысырдың әскери трибуналы терроризм айыптары бойынша 112 адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ВВС Africa сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Телерадиокомпания журналистерінің айтуынша, сотталғандарға 14 операцияға, оның ішінде полицияның өткізу пункттеріне шабуыл жасағаны және ел прокурорының көмекшісін өлтіруге әрекеттенгені үшін айып тағылған.
Сотталушылар бір топ мүшелері болған деп болжануда.