НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Түркия билігі елдің оңтүстігінде орналасқан Адана провинциясындағы арнайы операция кезінде ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) үш содырын қамауға алды, деп Anadolu Ajansi агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Агенттік тілшілерінің айтуынша, тұтқындалған лаңкестер Сирия азаматары.
Еске салайық, 2013 жылдан бастап Түркияда ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) тобының содырлары қолынан 315 азамат қаза тапты. Содырлар жанкештілердің қатысуымен 10 шабуыл, жеті жарылыс және төрт қарулы шабуыл ұйымдастырды.