Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Заңсыз миссионерлікпен айналысып жүргендер ұсталды

КҰЛСАРЫ, 17 наурыз. Жылыой аудандық полиция бөлімінің ақпараты бойынша, Құлсары қаласының көшесінде «Иегова куәгерлері» ұйымы мүшелерінің заңсыз миссионерлікпен айналысып жүріп, ұсталған, деп kazislam.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 10 наурызы күні Құлсары қаласы, 1-ші  ықшам ауданы, №28 үй,16-шы пәтердің тұрғыны Ақмарал Сүлейменованың үйіне екі әйел келіп, өздерін таныстырып (есімдері белгілі себептерге байланысты айтылмайды), «Иегова куәгерлері» ұйымынан екендерін айтып, «Алла Тағала жоқ, Иса пайғамбарға сеніңіз!» деп үгіт-насихат жүргізген. Үй иесі А.Сүлейменова бұл туралы полиция бөліміне арызданған. Бұл дерек бойынша «Иегово куәгерлері» ұйымын насихаттап таратушы екі азаматшадан жауап алу барысында олардың миссионерлік қызметті тарату үшін жергілікті органнан ешқандай рұқсат қағазының жоқтығы анықталды.

Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы, 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жинақталған іс-құжат пен дәлел ретінде жазылып алынған бейне, аудио жазбалар Жылыой аудандық сотына  жолданды.

Енді Ислам дініне күйе жағып, дінінен безіп, жат ағымның сойылын соғып, миссионерлік қызметпен заңсыз айналысқан қаракөз қыздар заңды жазасын алатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *