НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз. Мысырдың қауіпсіздік күштері дүйсенбі күні Солтүстік Синай мухафазасында алты лаңкесті өлтірді. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Агенттіктің мәлімдемесінде елдің қауіпсіздік күштері Солтүстік Синайдағы Бир эль-Абд қаласындағы лаңкестер жасырылған ғимаратына шабуыл жасағаны айтылған . Атыс кезінде қауіпсіздік күштері алты содырды жойып, бірнеше автомат пен жарылғыш заттарды тәркіледі.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Мысырдың қауіпсіздік күштері терроризмге қарсы операциялар кезінде 20 экстремистті жойды.