НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз. Таиландтың оңтүстігіндегі Яла провинциясында екі көліктің жарылуы салдарынан кемінде 18 адам зардап шекті. Бұл туралы Thai PBS арнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .
Оқиға провинция әкімшілігі ғимаратының жанында болған.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 10:30 шамасында (Мәскеу уақытымен 06:30), журналистер провинциядағы коронавирустың жай-күйін білу үшін әкімшілік орталыққа барған кезде болған. Бірінші жарылыстан кейін оқиға орнына бірнеше адам жиналып қалды, көп ұзамай екінші бомба іске қосылды. Оқиға салдарынан журналистер, әскерилер мен полиция қызметкерлері жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Қарулы топтар Таиландтың мұсылман оңтүстігінде 2004 жылдан бері әрекет етеді. Олар аймақтың бөлінуін және Паттани, Яла және Наратхиват провинцияларында сұлтандық билік құруды көздейді. Аймақтағы қақтығыс кезінде 20,5 мың оқыс оқиға салдарынан 7 мыңнан астам адам қайтыс болды, 13,2 мың адам жарақат алды.