НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз. Дағыстан мен Кабардин-Балқардың үш тұрғынына терроризмді қаржыландыруға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің сайтындағы мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ТАСС .
«Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ федералды округі бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасымен Дағыстан Республикасының тұрғындары Құрбанмагомед Меджидов пен Гусейн Магомедалиевке, сондай-ақ Кабардин-Балқар республикасының тұрғыны Артур Мендоховқа қатысты үш қылмыстық іс қозғады. Олар РФ ҚК 205.1 бабының 1.1-бөлімінде («Терроризмді қаржыландыру») қарастырылған қылмыстарды жасады деп күдіктенеді», — делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2017-2018 жылдары Меджидов, Магомедалиев және Мендохов, Ресей Федерациясында тыйым салынған, Сирия Араб Республикасында әрекет ететін «Ислам мемлекеті» және «Джебхат ан-Нусра» халықаралық террористік ұйымдарының қатысушылары идеологиялары мен мақсаттарын қолдап террористік ұйымдардың мүшелеріне 300 мың рубльден астам ақша аударылған. Күдіктілер қамауда. Тергеу жалғасуда.