Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейде күшті әсер ететін заттардың таралу арнасының жолы кесілді

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз. «Ресей ІІМ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Бас басқармасының қызметкерлері Ресей ФҚҚ-мен бірлесе отырып, «Ресей поштасы» АҚ-мен өзара іс-қимылда күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына күдікті адамдар тобының қызметін тоқтатты, деп РФ ІІМ ресми сайты хабарлайды.

Интернет-ресурстардың бірінде зиянкестер күшті әсер ететін заттарды сату туралы хабарландыруды, атап айтқанда олардың атаулары мен құнын орналастырғаны анықталды. Сыбайластар тапсырыс туралы мәліметтерді алып, өлшеп- орап, тауарды клиенттерге жіберді.

Жедел-іздестіру іс- шараларының нәтижесінде елордалық пошта байланыс бөлімшелерінің бірінде Ресей Федерациясының аймақтарына  48 қорап жөнелтуге дайындаған кезде екі күдікті ұсталды. Онда болған препараттардың нақты атауы мен салмағын сарапшылар анықтайды.

Ресей ІІМ Бас басқармасының Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының тергеушісі РФ ҚК 234- бабының үшінші бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Фигуранттардың тұратын жері бойынша тінту барысында 30 килограммға жуық анаболикалық стероидтар табылды. Сондай-ақ, қылмыстық іс үшін дәлелді маңызы бар орам материалдары, жөнелтімдерді төлеу туралы чектер, есепке алу журналы, сатып алушылардың электронды деректер базасы, ұялы телефондар мен ноутбук алынды.

«Күдіктілерге қатысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды . Алдын ала тергеу жалғасуда», — деді Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *