Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Ресейде «миналанған» ұшақтардың саны 10-ға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз. Жұма күні Ресейде «миналанған» ұшақтар саны онға дейін өсті. Бұл туралы шұғыл қызметтердегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды.

«Шереметьево әуежайына тағы жеті ұшақтың —  Мәскеуден Мурманскіге, Архангельскіге, Орынборға, Уфаға, Челябіге, Санкт — Петерборға және Новосібір-Мәскеу рейстерінің  «миналануы»  туралы жасырын хабарлама келіп түсті», — деді агенттіктің сұхбатшысы. Бұған дейін дереккөз үш авиарейстің «миналануы» туралы хабарлаған болатын .

Владивосток пен Уфадан келген рейстер Шереметьевоға аман-есен қонды.

Жұма күні Шереметьево әуежайының электронды поштасына  Мәскеуге  Владивосток, Уфа және Иркутсктен ұшатын ұшақтардың «миналануы» туралы жасырын хабарлама келді. Олардың барлығы белгіленген жерге келіп қонды.

Әуе кемелер бортындағы жарылыс қаупі туралы хабарламалар 3 наурызда басталды, осы уақытта 40 рейс «миналанған». Барлық қауіптер жалған болды. «Миналанған» борттар саны бойынша рекордтық көрсеткіш 19 наурызда болды, бір уақытта жеті рейс тексерілген.Белгісіз біреулер  биткоиндарды бопсалап, ұшақтарды, сот ғимараттарын, дүкендерді, әуежайларды, әуекомпанияларды»миналауды » жалғастырамыз деп қорқытып, жасырын хабарламаларды таратады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *