Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Латвияда Нидерландыдан Ұлыбританияға кокаин жеткізетін топ ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Латвия Мемлекеттік кірістер қызметінің жанындағы Кедендік полиция басқармасы есірткі контрабандасымен және алынған қаржыны ірі көлемде заңдастырумен айналысатын халықаралық қылмыстық топты құрықтады, деп diena.lv. сайтына сілтеме жасап REGNUM жазады.

Қозғалған қылмыстық іс аясында алты адам ұсталды, олардың бірі — Эстония азаматы. Екі адамға қатысты қамауға алу шарасы қолданылды. Топ Нидерландыдан Ұлыбританияға жүк таситын көліктер арқылы кокаин жеткізетін арна құрды, олар есірткі тасымалдап қана қоймай, саудадан түскен ақшаны Латвияға жеткізіп отырған.

Тінту кезінде 108 000 еуро, 4 010 АҚШ доллары, 37 450 рубль, зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар, компьютерлер, бес жеңіл көлік пен тіркемесі бар бір жүк көлігі, екі квадроцикл, баги, электр скутер және велосипед, үш қарапайым велосипед тәркіленді. Барлық ұсталғандарға Қылмыстық кодекстің 195-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *