Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырым тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмге шақырды деп күдіктелуде

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз. Қырым Республикасы мен Севастополь қаласы бойынша Ресей ФҚҚ басқармасының тергеу бөлімі террористік әрекетке қатысуға әлеуметтік желілерде жаппай шақырды деп күдіктенген Джанкой тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы таңдалған.Бұл туралы ТАСС департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қырым Республикасы мен Севастополь қаласы бойынша Ресей ФҚҚБ тергеу бөлімі Қырым Республикасының Джанкой қаласының 26 жастағы тұрғынына Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 («Террористік қызметті жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария  түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау») бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», — делінген хабарламада.

Ер азамат әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке қол жетімді террористік әрекеттерге қатысуға және терроризмді ақтауға шақырған видеоларды орналастырғаны анықталды. Оның тұрғылықты жерінде жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Электрондық сақтау құралдары мен компьютерлік жабдықтар тәркіленді.

Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Оған қатысты, кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *