Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жаңа Зеландиядағы екі мешітте оқ жаудырған күдікті өз кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз. 2019 жылы наурызда жаңазеландиялық Крайстчерчте теракт жасаған аустралиялық Брентон Таррант 51 адамды өлтіргенін мойындады, -деп хабарлайды New Zealand Herald сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды. 

29 жастағы күдікті мұндай мәлімдемені Крайстчерчтегі арнайы сот отырысында айтты. Түрмеде отырған ол отырысқа бейнебайланыс арқылы қатысты. Бұған дейін ол бір жыл бойы тағылған барлық айыпты мойындамаған еді.

Таррант Жаңа Зеландияда сотталған алғашқы террорист болады. Үкімнің қашан шығатыны белгісіз.

Еске салайық, 2019 жылы 15 наурызда Крайстчерчтегі (Оңтүстік арал, Жаңа Зеландия) екі мешітте атыс болып, 51 адам қаза тапқан және 50-ге жуық адам зардап шеккен еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *