Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысында есірткіге қатысты 300-ге жуық дерек ашылды

ТАРАЗ, 28 наурыз. Жамбыл облысында жыл басынан бері 80 есірткі қылмысының жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асхат Алметовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2020 жылдың екі айында облыс бойынша 80 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде 23 есірткі сату, 8 аса ірі көлемді есірткі затын сақтау дерегі, сондай-ақ үш есірткі, психотроптық заттарды немесе соған ұқсас, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалаумен айналысқандар туралы мәлімет берілді.

Арнайы бөлімшенің Шекара қызметімен бірлескен іс-шарасы нәтижесінде есірткі контрабандасының бір дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 123 келі 244 гр , оның ішінде героин – 1 келі 12 гр, гашиш – 11 келі 546 гр және марихуана – 110 келі 678 гр көлеміндегі әртүрлі есірткі заттары алынды.

Сонымен қатар, полиция подполковнигі Асхат Алметов есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте облыс тұрғындары мен жастары арасында нашақорлықтың алдын алуға, сондай-ақ есірткі қылмыстарын анықтауға, есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында ұйымдастырылған қылмыстық топтардың іс-әрекетінің жолын кесуге, есірткі заттарынан алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілерін анықтауға және құжаттандыруға баса назар аударды.

Басқарма бастығы күнделікті мониторинг барысында интернет-кеңістікте синтетикалық есірткі құралдарын таратумен айналысатын 12 интернет-сайт анықталғанын және бұғатталғанын айтты.

Ол полиция қызметкерлері “Тараз Жасыл ел” және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар басқармасының қызметкерлерін тарта отырып, үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити-жазуларды жою бойынша іс-шара ұйымдастырылып, нәтижесінде қала бойынша 300-ге жуық жазулар алынып тасталғанын да тарқатып айтып өтті. Облыс орталығында үйлердің қабырғалары мен қоршауларында синтетикалық есірткіні насихаттайтын граффити-жазуларды жазған үш адам қолға түскен.

 “Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жоғарыда аталған қылмыстарды ашу, жолын кесу, алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғаса беретін болады”, – деді Іс-шара соңында полиция подполковнигі А.Алметов.

Есірткі құралдарын пайдалануға және таратуға қатысты қолда бар кез келген ақпараттарыңызды, 8 777 086 19 79 біздің ватсап нөмірімізге жіберсеңіздер болады, Сіздердің ақпаратыңыз тексеріліп, заң бойынша шаралар қабылданады. Анонимдікке кепілдік береміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *