НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі Краснодар қаласында лаңкестік әрекеттің алдын алды, деп РФ ФҚҚ ресми сайты хабарлайды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы қылмысты жоспарлаған Ресейдің 1993 жылы туылған азаматы ұсталды.
В автомобиле задержанного обнаружено самодельное взрывное устройство, а в используемых средствах связи — переписка с находящимися за рубежом членами запрещенной в Российской Федерации международной террористической организации «Исламское государство»(организация, запрещенная в РК), изобличающая его преступные намерения.
Ұсталғанның автокөлігінен жарылғыш құрылғы табылды. Көліктегі байланыс құралдарынан РФ тыйым салынған, шетелде тұратын «Ислам мемлекеті» мүшелерімен болған, оның қылмыстық ниетін әшкерелейтін хабарламалар табылды.
Құжаттар мен заттарды тексеру нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі шығарылады.