НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно провинциясында қауіпсіздік күштерінің операциялары нәтижесінде «Боко Харам» лаңкестік ұйымының кем дегенде 100 содыры жойылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Anadolu агенттігі хабарлады .
Әскер өкілі Энобонг Окон Удох содырлардың бір күн бұрын Нигерия әскерилеріне шабуыл жасағанын, салдарынан 29 әскери қызметкер қаза тауып, тағы 21-і жараланғанын атап өтті.
«Боко Харам» содырлары Нигерияда 2009 жылы топ басшысы Мұхаммед Юсуфтың өлімінен кейін қарулы шабуылдарды күшейтті.
Бұған дейін хабарланғандай, дүйсенбі күні Чадтың батысындағы Лак провинциясындағы Бома қаласында 92 адам «Боко Харам» лаңкестік тобының шабуылынан қаза тауып, 47 адам жараланды.
Соңғы жылдары 20 мыңнан астам адам «Боко Харам» құрбаны болды.