НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Чад қарулы күштері «Боко-Харамға» (РФ-да қызметіне тыйым салынған ұйым) қарсы арнайы операцияға кірісті. Бұл туралы 30 наурызда Anadolu Ajansi хабарлайды, деп REGNUM жазады.
«Біз, азаматтарымызға, әсіресе, Чад көлінің маңында тұратын адамдарға бейбіт өмірге қол жеткізу үшін лаңкестікті жеңуіміз керек», — деп агенттік журналистері Ел Президенті Идрис Деби сөздерін келтірді.
Арнайы операцияның басталғаны туралы хабар лаңкестер Нигер мен Нигерия шекарасында орналасқан Лак провинциясында 100-ге жуық Чад әскерін өлтіргеннен бірнеше күн өткен соң жасалды.
Еске салсақ, «Боко Харам» тобы (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) 2015 жылы «Ислам мемлекетіне» (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) адал болуға ант берді.
Чадтағы лаңкестердің қылмыстық әрекеті салдарынан 26 миллионға жуық адам зардап шекті, 2 миллион 600 мың адам босқын болды.