ҚЫЗЫЛОРДА, 30 наурыз. Қызылорда қаласында мекемеге сәлемдеме арқылы бәлішке есірткі жасырып кіргізбекші болғандардың әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші Е. есімді сотталғанға, сәлемдеме ішіне бәлішке жасырып есірткі өткізбекші болды. Танысының заттарын арнайы орнатылған ренген аппаратымен тексеру барысында сотталғандардың пайдалануы мен сақтауына тыйым салынған “жасыл түсті өткір иісті” зат тәркіленді.
Тәркіленген зат бойынша жедел түрде “102″ нөміріне хабарлап, Қызылорда қалалық Полиция бпсқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 30,25 грамм “кептірілген марихуана” екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.