НҰР-СҰЛТАН, 01 сәуір. Сәрсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясының Гершк ауданында микроавтобус жол бойындағы бомбаға жарылып, жеті азамат қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы провинция әкімшілігінің өкілі Омар Заавакқа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Оның айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30- да Гершк округіндегі жолда қайғылы оқиға орын алып, нәтижесінде жеті адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған. Тергеу жалғасуда.
Аты-жөнін айтпаған басқа шенеунік сегіз бейбіт тұрғын, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапқанын, тағы екі адам жарақат алғанын хабарлады. Олардың барлығы бір отбасының мүшелері еді.
Әзірге ешбір топ немесе жеке адам болған оқиға үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.