НҰР-СҰЛТАН, 01 сәуір.»Миналау» туралы анонимді хабарламалар Мәскеудің түрлі аудандарындағы бес ауруханаға түсті, деп құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Белгісіз біреулер бес аурухананың әкімшілігіне электрондық пошта арқылы оларды «миналау» туралы хабарлады, оның ішінде 4-Вятский тұйық көшесі, 39 мекен-жайы бойынша № 39 Мемлекеттік клиникалық ауруханасы, сондай-ақ Фортунатовская көшесіндегі Ф. И. Иноземцев ауруханасы бар», — дед хабарлады ақпарат көзі.
Бір күн бұрын осындай хабарлама Мәскеу орталығындағы А. В. Вишневский атындағы хирургия институтына келіп түсті. Жарылыс қаупі туралы ақпараттан кейін ғимаратты мамандар тексерді,бірақ жарылыс қаупі бар заттарды таппады.
Ресей қалаларындағы «миналау» толқыны 2019 жылдың қарашасында басталды. Бейтаныс адамдар соттарда, мектептерде, сауда орталықтарында, дүкендерде, ЖОО-да жарылыс қаупі туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы жібереді. 3 наурыздан бастап ұшақ борттарындағы жарылыстар қаупі туралы хабарламалар түсе бастады, осы уақыт ішінде 100-ге жуық рейс «миналанды». Бірде-бір қауіп расталмады. Ресей ФҚҚ «миналау» туралы мыңдаған жалған хабарламалар келіп түскен бес шетел ресурстарын бұғатталуы туралы хабарлады.