АЛМАТЫ, 03 сәуір. Аяқ киіміне есірткі жасырған Алматы тұрғыны түрмедегі досына өзімен бірге алып өтпек болған жерінде қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны есірткіні кроссовка ішіне жасырған.
“Осыдан бір күн бұрын ЛА-155/8 ғимаратында біздің бөлім қызметкерлері Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әріптестерінің белсенді көмегімен, азық-түлік пен қажетті заттарды қамауға алынған досына тапсырамын деп, бірақ өзі есірткі бермекші болған 1983 жылы туған С. есімді азаматты ұстады. Бұл факт тексеру барысында анықталды: аяқ киімнің астынғы жағынан өсімдік тектес көгілдір пакет табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат “гашиш” есірткісі болып табылады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-тармағы бойынша қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жазаның сөзсіз болу принципі: досына көмектесу үшін заңды айналып өтпек болған ер адам жақын арада сотқа орындығына отырады”, – деді, Алматы қалалық ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.