Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Санкт-Петерборда теракт құрбандарын еске алуға арналған мемориалдық тақта орнатылады

НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. 2017 жылғы 3 сәуірде Санкт-Петербор метросында болған жарылыста қаза болғандарға арналған мемориалды тақта «Технологиялық институт» станциясында 3-ші сәуірге қараған түні орнатылады, деп «Петербор  метрополитен» мемлекеттік біртұтас кәсіпорын өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Тақта «Технологиялық институт» станциясының төменгі вестибюлинде  сәуірдің 3-не қараған түні орнатылады. Алғашқы жолаушылар оны 3 сәуірде таңертең көреді, қалаған азаматтар  гүл шоқтарын қоя алады», — деп «Петербор  метрополитен» мемлекеттік біртұтас кәсіпорын өкілі  хабарлады.

Сонымен қатар, жұма күні «Петербор метрополитен»  мемлекеттік біртұтас кәсіпорны әлеуметтік желілердегі аккаунттарында 2018 жылы таныстырылған «Естелік кітабын» ұсынады. Онда қайғылы жағдайға тап болған адамдар туралы туыстары мен достарының айтылған 15 әңгімесі жиналған.

Бұған дейін қалалық әлеуметтік саясат жөніндегі комитетте коронавирустық инфекцияға байланысты осы жылы Петерборда метродағы теракт құрбандары бойынша жаппай естелік  шаралар өткізілмейтіндігін хабарлаған болатын. Бұған дейін дәстүр бойынша қайғылы оқиғаның жылдығында Троица-Измайлов соборында теракт құрбандары бойынша еске алу шарасы,сондай-ақ «Технологиялық институт» метро стансасында гүл шоқтарын қою рәсімі өтетін.

2017 жылғы 3 сәуір күні Санкт-Петербор метросының «Сенная площадь» және «Технологиялық институт-2» станциялары арасында жарылыс болды. 16 адам қаза тапты, оның ішінде жанкешті лаңкес, ондаған жолаушы зардап шекті. «Площадь Восстания» станциясындағы жарылғыш құрылғыны уақытылы анықтау тағы бір жарылыстың алдын алуына мүмкіндік берді. Лаңкестік шабуылға қатысы бар негізгі тұлға өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша басқа айыпталушылар 19 жылдан 28 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *