НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Бейсенбі күні Нигерде елдің батысындағы Тиллабери аймағында үкімет әскері 63 экстремистік содырды жойды. Бұл туралы Нигер қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Тиллабериде үкімет әскері терроризмге қарсы тапсырманы орындау барысында экстремистік топтың содырларымен қиян-кескі ұрысқа түсті делінген мекеме мәлімдемесінде.
Нәтижесінде 63 содыр жойылып, бірнеше ондаған мотоцикл мен қару тәркіленді. Үкімет жағында төрт сарбаз қаза тапты.