ҚЫЗЫЛОРДА, 06 сәуір. Деструктивті діни ағымдардың жетегіне еріп кетпеудің басты шарттарын Қызылорда қаласының Дін орталығы өз facebook парақшасында көрсетті, деп kazislam.kz жазады.
Деструктивті діни ағымдардың жетегіне еріп кетпеудің басты шарттары ретінде мына мәселелерге мұқият болғаныңыз абзал:
• Көшеде таратылған діни кітаптарды оқымау (Ресми түрде тіркелген діндер ешқашан көшеде өздерін насихаттамайды); • Көшеде және пәтер аралап діни мәселелерді айтып жүрген діни ағымдардың белсенділерімен сөйлеспеу; • Тегін тіл курстары, қайырымдылық ұйымдарына және бизнес клубтарға сақтықпен қарау; • Күмәнді әртүрлі тақырыптардағы діни кітаптар мен кітапшаларды оқымау; • Діни жоралғыларды тек қана мешіт имамдарынан ғана тыңдау; • Әртүрлі бейресми ортадан, ғаламтордан алынған діни уағыздарды тыңдаудан сақтану (тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен имамдардың кеңестерін тыңдау; • Діни кітаптар мен ұйымдардың заңдылығы жөнінде ресми тіркелген діни ұйымдар мен ресми мекемелердің арнайы сайттарынан қараңыз.