Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының тұрғынынан марихуана табылды

ТҮРКІСТАН, 06 сәуір. Түркістан облысының полицейлері әжетхана шатырының астына есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне, жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Оның айтуынша, Шаян ауылының тұрғыны “марихуана” сақтап, қолданатын көрінеді. Полицейлер келіп түскен ақпарат бойынша тез арада іске кірісті. Аталған жайт  ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды.​​​​​​​

Хабарламада көрсетілген жайтты анықтау мақсатында оқиға орнына Түркістан облысы ПД ЕБҚКБ-ның қызметкерлері мен Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікке ілінген азаматтың тұрғын-үйінің алдында орналасқан әжетханасының шатырының астынан пакетке оралған қоңыр сары түсті,  ұнтақталған есірткіге ұқсас “кептірілген өсімдік” табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес ол зат “кептірілген марихуана” болып шықты. Салмағы 40 граммнан асты. ​​​​​​​​​​Тергеу барысында анықталғандай күдікті есірткіні өзі қолданған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.​​Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа өзіне сәкес шара қолданылатынын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *