НҰР-СҰЛТАН, 07 сәуір. Сирия жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясында болған шабуыл кезінде американдық офицер көз жұмды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Сол күні Сириядағы АҚШ әскери қызметкерлері мен «Демократиялық Сирияның күштері» күрд жасағының бірлескен патруліне Дейр-эз-Зор және Эль-Хасака провинциялары арасындағы шекара маңында белгісіз содырлар шабуылдады. Салдарынан АҚШ әскерінің бір офицері мен «Демократиялық Сирияның күштерінің екі жауынгері қаза болды.
Хабарламада дәл сол күні Ирактан Сирияға әскери тауарлар тиелген 35 американдық жүк көлігі келгені, олардың көбі Эль-Хасака провинциясының солтүстік-шығысындағы Маликия аймағындағы АҚШ әскери базасына жеткізілгені айтылған.