НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. «Талибан» қозғалысының басты қолбасшысы мен оның оққағары өлтірілді, содырлардың Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясындағы Бахарақ ауданына шабуыл жасау жоспары орындалмай қалды. Бұл туралы провинция үкіметінің өкілі Мохаммад Джавад Хадаридің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
«Басты командир Кари Ансарула Гаджар бастаған тәлібтер дүйсенбі күні кешке Бахарақ ауданының штабына шабуыл жасауды жоспарлаған, бірақ қауіпсіздік күштері содырларға соққы жасады, командир мен оның оққағары өлтірілді», — деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, біраз уақытқа созылған атыс кезінде үш содыр мен екі қауіпсіздік қызметкері жарақат алған.
«Талибан» қозғалысы бұл ақпаратқа әлі түсінік берген жоқ.