НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Ауғанстан үкіметі бейбіт келіссөздер үшін қажетті шарттарды талқыламайынша тәлібтерді босатуға дайын емес. Бұл туралы ел президентінің кеңесшісі Вахид Омерге сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады.
«10 күннен кейін қамаудағылар қандай да бір шартсыз босатылуы тиіс делінген, бұл болмайды»,-деді ол.
Омер үкімет тұтқындармен алмасуды бейбіт процестің бір бөлігі деп санайды, билік келіссөздерге дайын және «Талибан» радикалды қозғалысының өкілдері (ҚР-да тыйым салынған) өз шешімін өзгертеді деп күтетінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Ауғанстан билігі мен «Талибан» өкілдері 2 сәуірден бастап қамаудағылар мен тұтқындарды алмастыруға келіскені туралы хабарланған болатын.
Бұған дейін бұл процесс 31 наурызда басталады деп болжанған еді, бірақ содан кейін Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джавид Фейсал тараптар бұл мәселені талқылауды жалғастырғанын айтты.
Ал бүгін тәлібтер қамаудағыларды босату процесі үнемі созылғандықтан Кабулмен тұтқындармен алмасу жөніндегі келіссөздерді жалғастырудан бас тартты.