Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кандагар провинциясында «Талибан» шабуылы салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Ауғанстанның Кандагар провинциясында «Талибан» экстремистік қозғалысының мүшелері минометпен оқ атты, салдарынан жергілікті тұрғындар көз жұмды, деп Даман округі әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Бейбіт тұрғындардың қаза болуына «Талибан» экстремистік қозғалысының мүшелерінің тұрғын ауданға жасаған миномет атысы себеп болды», — деді агенттік сұхбатшысы.

Шабуылдан зардап шеккендердің саны туралы мәлімет берген жоқ.

Сонымен қатар, басқа жергілікті дереккөз ауған әскері де, халықаралық күштер де соңғы уақытта осы ауданда қандай да бір операциялар жүргізбегенін агенттікке растады.

Елдің ауылдық жерлерінде айтарлықтай аумақты басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасаған,  «Талибан» (ҚР-да тыйым салынған ұйым) радикалды қозғалысының содырлары  мен үкіметтік күштер арасында қақтығыстар жүріп жатыр. Сондай — ақ, ел аумағында «Ислам мемлекеті» (ҚР-да тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобының әсері күшейе түсті. Ауғанстанның Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері бүкіл ел бойынша лаңкестікке қарсы күрес бойынша бірлескен операциялар жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *